Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Медиа-орталық

ЭКСПО – 2017: Медиа-орталық

Медиа Орталық – «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің шаралары туралы ақпарат тарату үшін, бұқаралық ақпарат құралдарының теледидар және Ғаламтор аудиториясына көрме жайында толық мәлімет беруге және Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ бейне және фото-контентті жасау мен таратуға арналған ұйымдастыру-техникалық кешені.

Медиа Орталықтың негізгі міндеттері:

— Астана ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан шараларды теледидардан көрсетілуін сапалы және кәсіби ұйымдастыру;

— Халықаралық, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысына жайлы жағдай жасау;

— Баспасөз конференциялары, брифингтер, сұхбаттарды ұйымдастыру;

— Бұқаралық ақпарат құралдары үшін барлық бейне және аудио ақпаратты сақтау және дер кезінде тарату;

— Бір жүз отыз жұмыс орны;

— Қазақстандағы көптеген Медиа Орталықтармен байланыс.

Медиа Орталық пайдаланушылары:

— Мемлекеттік органдардың өкілдері

— Кәсіпкерліктің өкілдері

— Көрме қатысушылары

— Респонденттер, баяндамашылар

— Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тілшілер, журналистер

— Аудармашылар

— Техникалық және қызмет көрсетуші қызметкерлер

EXPO – 2017

Пікір жазу