Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның онлайн режимінде кезекті отырысы өткізілді. Қашықтықтан өткізілген комиссия отырысына қала, кент, және ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері толығымен қатысты.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың төрағалығымен күн тәртібіндегі Сарыағаш ауданы аумағында орман, даланы өрттен қорғау жұмыстары, 2020 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман, дала өрттерінің алдын алу шаралары туралы, жазғы шомылу маусымында су нысандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы, Төтенше жағдай орын алған кезде күштер мен құралдары басқару туралы, Сарыағаш ауданы аумағында өрт сөндіруге арналған су жүйелерінің жай қүйі мен дайындық деңгейі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін С.Тасқұлов қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

©Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу