Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЛТЫ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

АЛТЫ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетовтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша аудандық штаб отырысы болып өтті.

Сала мамандарының және жобаларды іске асыратын мердігер мекемелердің қатысуымен өткен штаб отырысында аудан аумағында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын 6 жобаның орындалуы туралы мәселер талқыланып, бірінші кезекте аудандағы жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуін және құрылыс жұмыстарының сапалы, бекітілген мерзімде жүргізілуін тапсырды. Аталған 6 жобаға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып отыр.

Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген және қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.

©Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу