Бүгін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Шілмановтың модераторлығымен Түркістан облысында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыштарды» өзектендіру бойынша жиналыс өтті.
Жиынның мақсаты — мемлекеттік қызмет жүйесін электрондық форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Карантин талабына сәйкес, маскалық режімде өткен басқосуға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Е. Жеңісбеков, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е. Өтебаев, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж. Наушабай және тиісті бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Жиынды ашқан Айбек Ақбергенұлы, бүгінге дейін жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру үшін көптеген жұмыстар жүргізіп жатсақ та, азаматтардың қызмет көрсетуші алдында сағаттап кезек күтіп қалуы, қызмет алу ақпаратының жеткіліксіздігі, өзіне жауап алу үшін мемлекеттік мекемеге бірнеше рет баруы сияқты факттердің бар екендігін айтты.
Бүгін осы проблемаларды бұдан әрі болдырмау үшін ой-пікірлер ортаға салынып, ұсыныстар қаралды.
А. Шілманов халыққа электрондық қызмет алу бойынша қолайлы жағдай тудыру үшін, аудан, қала, ауыл округігтерінде орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» компьютерлік техника және оның жабдықтары бойынша Департаментпен жасалған талдауға кеңінен тоқталып өтті.
Модератор бірнеше кемшіліктерді көрсетіп, тиісті органдарға осы кемшіліктерді шұғыл түрде жою бойынша міндеттер жүктеді.
Жиын қорытындысымен Түркістан облысында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыштарды» өзектендіру бойынша бірлескен Меморандум түзілетін болды.
©Өз тілшімізден