Бәйдібек ауданында мал азығын дайындау науқаны дәл уақытында басталды. Бүгінде 6 926 гектар жоңышқалық орылып, әр гектардан 2 500 килограмм өнім түсуде. Биылғы жоспарға сәйкес ол 320 000 тонна болуы қажет, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бұл көрсеткішпен жыл соңына дейін меже орындалады деп күтілуде.Аудандағы шаруашылықтың бірі «Ерсұлтан Агро» ЖШС жоңышқа оруды өз жауапкершіліктеріне алған. Ауа райының қолайлы тұсын пайдаланып, 60-қа жуық жұмысшы тартып, мал азығын дайындауда.Бұл шаруашылық Ағыбет пен Алғабас ауылдық округтеріндегі жерлерді игеріп, бидай мен арпа, мақсары оруда. «Ерсұлтан-Агро» ЖШС аудандағы 3 мыңнан аса гектар жерді игеріп, оларға тиесілі 2 дана – К-700, 3 дана – МТЗ-80.1, 6 дана – МТЗ-82, 10 дана – Енисей мен Беларусь комбайндары мен техникалары егістік алқабын толықтай игеруде.
Мемлекеттен субсидия мен жеңілдетілген жанар-жағар май алып, шаруашылықты дөңгелетіп отырған серіктестік құрамында 19 адам жұмыс істейді. Ал, науқан кезінде 60-қа тарта азамат жалданып қызмет етеді. ЖШС директоры Ерболат Мырзабековтағы қажетті техникалар алуға мемлекетке сұраныс жасап қойғанын айтады.
© DIDARBEK.kz