Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РӘМІЗДЕР КҮНІН ЖАҢАША ФОРМАТТА ТОЙЛАДЫ

РӘМІЗДЕР КҮНІН ЖАҢАША ФОРМАТТА ТОЙЛАДЫ

Мемлекеттік рәміздер мерекесін өткізуге ешқандай вирус кедергі емес. Ең бастысы Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік символдарға құрмет болға жеткілікті. Түркістандағы Қазақ-түрік университеті биылғы мерекені ерекше өткізді. Онлайн тәртібімен өткізілген шараға әлемнің бірнеше елінен 500-ге тарта азамат қатысты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Әлемді алаңдатқан жұқпалы дерт биылғы мерекені ерекше өткізуге себепкер болды. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті цифрлық технологияны қолданып,  жаңаша форматта атап өтті.

Болатбек Әбдірәсілов- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры: Әлемді жайлап отырған пандемияға байланысты біз бұл мерекені онлайн режимінде ЗУМ арқылы өткізіп отырмыз. Әрине студенттеріміз университетті сасғынды. Мерекені сағынды. Соған байланысты осындай шешім қабылдадық.

Жиында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келу тарихы айтылды. Еліміздің көк туы түркі елдерінің де жүрегіне қуаныш сезімін сыйлайды. Университеттің бірінші вицз-Президенті Женгиз Томар қазақ елін айтулы мерекемен құттықтады.

Женгиз Томар- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірінші вице-президенті: Мемлекеттік рәміздер мерекесі Қазақстан үшін ғана емес бүкіл түркі елдері үшін де маңызды. Біз Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын қалаймыз. Бүкіл түркі жұртының мемлекеттік мерекелері бәрімізге ортақ болу керек. Бүгінгі мереке құтты болсын. 

Онлайн форматта өткен жиынға әлемнің 14 елінен азаматтар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 500-ден асты. Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және тағы да басқа елдерден қосылған ғалымдер мен ізденушілер  қазақ елінің қуанышына ортақ екенін  білдірді.

© DIDARBEK.kz

                         

Пікір жазу