Соңғы жылдары Кентаудағы көпқабатты үйлер жаңа кейіпке енді. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында атқарылған жұмыстар халық тарапынан қолдау табуда, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Кенжеханның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Кентау қаласында барлығы 324 көпқабатты үй бар. Кеншілер қаласында Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Содан бері 79 үй күрделі жөндеуден өткен. Бұл мақсатқа 1 млрд 74 млн теңге қаржы бағытталған. Биылғы меже одан да көп.
Арман Басаров-Кентау қаласы әкімінің орынбасары: 2017 жылы 35 үй, 2019 жылы 44 үй күрделі жөндейден өтті. Биыл жоспар бойынша 74 және жоспардан тыс 42 үйді модернизация бойынша жөндейміз деп жоспарлап отырмыз.
Көпқабатты үйлерді өз бетінше жөндеу тұрғындардың қолынан келмейтіні анық. Сондықтан жөндеуге мемлекет қаржысы жұмсалды. Ал тұрғындар бұл қаржыны 20 жыл көлемінде бөліп төлеп қайтарады. Оған үстемақы немесе пайыз қосылмайды.
Әшіркүл Наурызбаева — Кентау қаласының тұрғыны: Бұрынғы жағдайы өте нашар болған. Үй салынғалы бері жөндеу көрмеген ғой. Соған тұрғындар жиналып Әкімдікке барып арыз жазып осындай қылып жөндеп жатыр.
Осы бағдарлама аясында Кентауда тәжірибе жүзеге асты. Ясауи көшесі 112-ші үйде автономды газ қондырғысы орнатылды. Енді тұрғындар газды қалауынша тұтынады. Жылу жүйесі де газға ауысқан. Алпысбай Әшірбеков- Кентау қаласының тұрғыны
Бұрын газ баллон тасып жағатынбыз. Мынау енді өте тиімді болып тұр. Ыстық су дайын. Үйіңді ысытасыз, ыстық болса азайтасың, суық болса қосып аласың.
Кентаулықтар осылай мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп отыр. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасады.
© DIDARBEK.kz