«Туған жерге туыңды тік». Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Ауылын абаттандырып, аз қамтамсыз етілген отбасылар да қайырымды жандардың шарапатын көруде. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан игі іс көпке үлгі.
Мектеп бітіруші түлектердің кездесуіне орай ауылға тарту жасау үрдісі жылда жалғасын тауып келеді. 1998 жылы бітіруші түлектер «Бәйтерек» монументін тарту еткен болатын. 1999 жылы бітіруші түлектері мешіт алдына күннен қалқа конструкциясын орнатты. Ал, 2000 жылы мектеп бітіруші түлектері 0,5 шақырымды құрайтын көше аралық топырақ жол төседі. Ауылдық мешіт алдына тас жол төсеп, жарықтандыру жүйесін жүргізіп берді, «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Э.Дәулетбекованың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Абай Дулатұлы –Тасты ауылының тұрғыны: Түлектердің игі ісі алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз. Мешіт салған, жол салған ең қайырымды іс деп білемін. Жол құрлысы елдің игілігіне жарап жатса, біз үшін қуаныш.
Тасты ауылының тұрғындары 2000 жылы мектеп бітірген түлектердің тірлігіне алғыс айтты. Олар Алланың үйінің жанына 100 адамға лайықталған асхана салып берді.
Қалдыбек Қожахметов — «Жүрсін ата» мешітінің имамы: Бұл кісілерге Алла разы болсын дейміз. Мына мешітке керек-жарақтарды алып берді. Жарықтандырып берді. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ауылда атқарылатын жұмыстардың барлық мәселелерін бюджет есебінен шешіледі деп артып қою жөн емес. Сондықтан да алдағы жұмыстарды да мүмкіндігінше жергілікті бюджеттен, демеушілік есебінен және мектеп бітіруші түлектерді тарта оттырып, бірге атқаратын боламыз дейді – ауыл әкімі. Бұл маңызды бастамалар келешекте өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге.«IGI QADAM» ЖШС-нің демеушілігімен тұрақты әлеуметтік көмектер көрсетілуе.Еріктілердің бастамасымен ауыл тұрғындарының қолдауымен Жуантөбе ауылында аз қамтамасыз етілген отбасыны жаңа үймен қуантпақ.
© DIDARBEK.kz