Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «TURKISTAN BIKE» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

«TURKISTAN BIKE» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Өткен жылы басталған «Turkistan Bike» жобасы Түркістан тұрғындары арасында танымалдыққа ие болып келеді. Жобаның мақсаты автомобильге және қоғамдық көлікке балама жасау, қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс үшін қолжетімді және экологиялық көлік беру болып табылады.

Жаздың жақындауымен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесіне деген белсенді қызығушылықтары байқалады. Жыл басынан бері сату бөлімінде велосипедтерді жалға алу жүйесін пайдалану үшін 200-ден астам абонемент карталары ашылды. Жүйе ескі қаланы қамтып, Түркістан тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде мобильді қозғалуға мүмкіндік беру. Көптеген қала тұрғындары «Turkіstan Bike» велосипедін пайдаланудың артықшылықтарын бағалады – қаланың ежелгі бөлігінде өзіндік стильдегі қызғылт сары велосипед теуіп жүргендерді жиі көруге болады.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала үшін арнайы тарифтік жоспарлар әзірленді. Айлық абонемент құны — 500 теңге, шоттағы ең аз теңгерім мөлшері — 500 теңге.

Велосипедтерді жалға алу қызметтері арнайы сату бөлімінде жүзеге асырылады. Туристтер, қала қонақтары сату кеңсесіне бара алмайтын жағдайда арнайы онлайн тіркеуден өтіп, СМС арқылы велосипедті пайдалана алады.

Сату офисінің мекен-жайы: Н. Назарбаев аллеясы, пирамида түріндегі ғимарат.
Анықтама қызметінің телефоны: 8-701-909-80-60.

 

Пікір жазу