Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Алғашқы күні

ЭКСПО – 2017: Алғашқы күні

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында киелі өлкенің тарихынан сыр шертіп, ерекшелігін айшықтайтын іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бес күнге созылатын дүбірлі тойда оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңіріміздің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр  шертетін суретшілер мен қолөншілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі. Бұдан бөлек, астаналықтар «Бәйтерек» алаңында бір мезетте 600 жас домбырашының орындауындағы күйді тамашалай алады.

Ал, бүгін таңғы сағат 9:00-де «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында «ЭКСПО» қалашығында бизнес-форум өз жұмысын бастаса, таңғы сағат 10:00-де есігін айқара ашатын «Этноауылда» – «Құтты өлке қолөнері» деп аталатын қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалауға зор мүмкіндік аласыздар.

Ұлысымыздың ұйытқысына айналған Оңтүстігіміздің тартуын қабыл алыңыздар! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!!!!!

Келіңіздер, көріңіздер!

Пікір жазу