Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Оңтүстік не ұсынады?

ЭКСПО – 2017: Оңтүстік не ұсынады?

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында өтетін іс-шаралардың қарқыны бүгін пәсеңдемейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті мен өнерін, өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мен тауарларын, тарихи-мәдени орындарын, көне қалашықтарын, Оңтүстіктің бренді ретінде танылатын киелі жерлері мен туристік әлеуеттін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басымдылықтармен ұштастыра отырып, насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған шаралар «Бейбітшілік және келісім» сарайындағы Халықаралық мамандандырылған көрменің алғашқы күні ашылған «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесімен жалғасын табады. Сағат 09:00 – 18:00 аралығында тамашалауға болады.

Сағат 10:00-де «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі – Қазығұрт» кең ауқымды көпсалалы ғылыми көркемөнер көрмесі өз есігін айқара ашады.

Дәл осы уақытта «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі жұмысын жалғастырады.

Сағат 11:00-де Астана қаласының оқушылар сарайына Астана тұрғындары мен қала қонақтарын «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмнің тұсаукесеріне шақырамыз.

Кешкі сағат 17:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің гала-концерті басталады.

Пікір жазу