Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ОН ЖОБА НАҚТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

ОН ЖОБА НАҚТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шетелдік қонақтар «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» кәсіпорнында да болып қайтты. Индустриалды аймақтарды басқарушы компанияның басшысы Талғат Қасымбековтің айтуынша, индустриалды аймақтың аумағы толықтай игерілді. 30 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде 10 жоба нақты іске қосылған. Олардың қатарында «Asia Trafo» кәсіпорны да бар. Бұл зауытта 110 және одан да жоғары киловольттық электр трансформаторлары өндіріледі. Айта кету керек, бұл өндіріс орны индустриалды аймақтағы ең ірі зауыттардың бірі болып саналады.

Бұдан бөлек индустриалды аймақта жиһаздар, энергетикалық, шырынды сусындар мен табиғи ауызсулар, медициналық препараттар, жарықдиодты шамдар және басқа да өнімдер шығарылады. «Alageum Electric» компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «Asia Trafo» зауытының өнімдеріне еуроодақ мемлекетінің елшілері үлкен қызығушылық танытты. Өйткені мұндағы жоғары кернеулі трансформаторлардың әрбір бөлшегі, тіпті алғашқы сызбаларына дейін кәсіпорын мамандарының қолымен жасалады.

Тіпті трансформаторға қажетті шикізат болат металы да негізінен Теміртау қаласынан тасымалданады. Іссапар соңында елшілер Қазақстан мен еуроодақтың экономикалық гуманитарлық және мәдени қарым-қатынастарын күшейту керектігі жөнінде әңгіме қозғады. Олардың пікірінше, қазіргі байланыстарды жоғары деңгейге көтеруге қос тарап та мүдделі әрі оған мүмкіндік те жетеді. Ендігі ретте осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, байланыстар көкжиегін кеңейте беру қажет.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу