Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Туған топырақ сырлары

ЭКСПО – 2017: Туған топырақ сырлары

Оңтүстік шежіресі Астанада сыр шертеді.

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттауға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында үстіміздегі жылдың 30 тамызы күні Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде ОҚО музейлерінің 1500-ден аса құнды жәдігерлерінен жасақталған «Жер кіндігі – Қазығұрт» көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі Елорда қонақтары мен өнер сүйер қауымға ұсынылады.

Көрменің мақсаты-құнды жәдігерлерден жасақталған көрме арқылы Астана қонақтары мен жұртшылығын Қазақстан тарихында сүбелі орынға ие болған Оңтүстіктің тарихи шежіресі және суретшілер қылқаламы мен қолөнершілердің шеберлігінен туған өнер шығармаларымен таныстыру.

«Жер кіндігі – Қазығұрт» көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесінде кезең-кезеңімен тарихи шежіреден сыр шертетін белгілі қылқалам иелерінің шығармалары, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары мен тарихи фотосуреттері және Оңтүстік Қазақстан облысы музейлерінің жәдігерлері көрсетіледі.

Пікір жазу