Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Бұның өзі ғажап болды!

ЭКСПО – 2017: Бұның өзі ғажап болды!

Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО – 2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды.
Концертте ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова «Домбыра туралы баллада» орындаса, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблі заманауи шығармалар ұсынды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері «ЭКСПО – 2017» туралы ән шырқаса, «Семсер» тобы «Отырардағы той» əнімен өңірдің киелі өлкесін дəріптеді. «Өркен» отбасылық ансамблі, «Асу» триосы мен көптеген өнер саңлақтары  өнер думанымен Астана кешін асқақтатты. Оңтүстіктің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, эстрада əншісі Гүлнəр Сиқымбаева астаналық көрерменді əсем даусымен тəнті етті.
Көрерменді ән мен күйге бөлеген Оңтүстіктің өнер майталмандары бүгінгі кеште 30-дан аса таңдаулы нөмірлерімен ел ықыласына бөленді.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы еліміздің барлық облыс әкімдері қол қойған ЭКСПО туын «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Жошыбаев Рапиль Сейтханұлына салтанатты түрде табыстады.
Айта кетейік, 29 мамыр күні  оңтүстікқазақстандық 10 байкер ЭКСПО – 2017 көрмесінің құрметіне республикалық мотошеру ұйымдастырып, мотоциклмен еліміздің бірқатар облыстарын жүріп өтіп Астанадағы өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген болатын.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында күнгей жерінен келген 1 мыңнан астам əртістер астаналықтарға өз өнерлерін ұсынатын болады.

Пікір жазу