Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Балбыратқан «Балбырауын»

ЭКСПО – 2017: Балбыратқан «Балбырауын»

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3 қыркүйек арасында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтіп жатыр.

Алдын ала бекітілген бағдарламаға сәйкес, Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылып келеді.

Теңдесі жоқ дүбірлі тойда оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынып, өңіріміздің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр  шертетін суретшілер мен қолөнершілер бұйымдарының көрмелерін өткізді.

Бүгін кешкісін Астанадағы «Бәйтерек» алаңында 600 жас домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Қазақтың қара домбырасы күмбірлегенде қала тұрғындары мен қонақтары ерекше әсерге бөленді.

Оңтүстік Қазақстан облысының астаналықтарға жасайтын тартуы мұнымен шектелмейді. 3-қыркүйекке дейін өтетін өңірдің думанды іс-шараларында оңтүстікқазақстандықтармен бірге болыңыздар!

Өз тілшімізден

Пікір жазу