Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтың бұйрығымен Жолдасов Нұрмахан Миятұлы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа төраға орынбасарын саяси бюро мүшелеріне облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Жансейіт Түймебаев таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тəжірибесі мол басшы ретінде  партия жұмысын жандандыруда жемісті еңбек ететіне сенім білдірген әкім жаңа лауазым иесіне бірқатар міндеттер жүктеді.

Жолдасов Нұрмахан Миятұлы 1959 жылдың 1 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы педагог және экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1977 жылы Шымкент қалалық сүт зауытының механигі болып бастаған. 1981 – 2001 жылдары И.В. Мичурин атындағы №36 ОМ мұғалімі, Орджоникидзе атындағы № 36 ОМ комсомол ұйымының хатшысы, «Авто Ваз Қосымша Бөлшек» дүкенінің меңгерушісі, «Қарабастау» ЖШС   директоры , «Қаратөбе» ӨК басқармасының төрағасы, «Қаратөбе» ӨК басқармасының төрағасы. 2001 жылдан бастап Көлік, коммуникация және туризм басқармасының бастығы, Шымкент қалалық әкімі аппаратының көлік және байланыс бөлімінің бастығы, облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры,  ОҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары — қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Байдибек және Сарыағаш ауданы әкімдері қызметтерін абыроймен атқарған. 2015 жылдан бастап  «Нұр-Амир Инвест» ЖШС директоры.

Жолдасов Н.М. – алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу