«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы «SHYMKENT BUS» ЖШС-не қоғамдық бақылау жүргізді. Кәсіподақтар «Shymkent Bus» ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы.
Бүгінгі таңда жұмыс уақыты едәуір қысқарған. Бұған дейін 12 сағат жұмыс істеп келген жұмысшылар қазір 7-8 сағатты әзер толтырады. Соған қарамастан күніне 2 рет (таңертең, кешке) автобустарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, әр айналымның соңғы аялдамаларында да залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жасалады. Күнделікті қала тұрғындарына 230-ға жуық автобус, 17 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Қоғамдық бақылау жұмыстары нәтижесінде, жалпы 570 қызметкер екі кезеңмен жұмыс жасап жатқаны анықталды. Алдымен таңғы сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін, кейіннен 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Жүргізушілер мен кондукторлар жұмыс барысында карантин талаптарын толығымен сақтап, қызмет жасауда. Сондай-ақ, жолаушыларда бетперде болмай қалған жағдайда жүргізушілер бетперде береді. Осы шаралар үшін компания тарапынан 10 мың бетперде сатып алынған.
Сонымен қатар, карантин талаптары бойынша әр апта сенбі-жексенбі күндері серіктестік жұмыс жасамайды
© «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі