Өйткені, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері әлі жалғасып келеді. Яғни, Шымкенттің ыстық ықыласы бүкіл Арқаға шуақ шашуға жетерліктей мөлшерде. Сонымен, Оңтүстік Елорда жұртына бүгін не ұсынар екен?
Сағат 10:00-де арнайы жабдықталған автобуспен Астана көшелеріне музыкалық шеру шығады.
Дәл осы уақытта Этноауылда «Құрбан айт» мерекелік іс-шарасы (Оңтүстіктің арнайы дастарханы мен концерттік бағдарлама) басталады.
«Has Sanat» өнер галереясындағы осыдан үш күн бұрын өз жұмысын бастаған Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі сағат 10:00-де есігін қайта айқара ашады.
Кешкі сағат 18:00-де Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасына Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры осы күндерге арнайы дайындаған Клод Маньенің «Парижские страсти» спектаклін шығарады.
Күздің алғашқы күнін кешкі сағат 19:00-де «Бәйтерек» алаңында бастау алатын «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО – 2017!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің шоу-концерті түйіндейді.