Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Құрбан айттық дастархан

ЭКСПО – 2017: Құрбан айттық дастархан

Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты – асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету.

Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен құттыктады.

«Құрбан айт – Алланы еске алуға себепкер болатын және адамдардың бір-біріне қайырым жасауына ұйытқы болатын ерекше діни рәсім. Бүгін, яғни Құрбан айттың алғашқы күні қасиетті діни мерекені ұлықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі баршаңызға даладай дастархан жайып отыр», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Сондай-ақ, келушілерге Оңтүстіктің тәттілігі тіл үйірер жеміс-жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді.

Этно ауылдағы ұлық мерекенің көркін Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншілері қыздыра түсті. Күміс көмей, жез таңдай әншілер күйіз үйлерді аралай жүріп, қазақтың дәстүрлі әндерін нақыша келтіріп орындап, көпшілік ықыласына бөленді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу