Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Республикалық “Жолда қабылдау” акциясы барысында 138 азаматқа тікелей кеңес және онлайн режим арқылы 121 әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берілді. Халықпен кері байланысты одан әрі нығайту, тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштерін қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған акция аясында тұрғындар өздерінің мәселелеріне қатысты полиция қызметкерлері тарапынан нақты әрі жылдам жауап алды.

Шымкент тұрғындары полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және онлайн режимінде айыппұлды қарау, төлеу сынды сұрақтармен жүгінді. Нақтырақ тарқататын болсақ: айыппұлдарды төлеу бойынша -53 азамат, көлік құралдарын тіркеу мәселесімен -34, карантин кезіндегі талаптар мен шектеулерді сақтау мәселелеріне қатысты сауал жолдаған-19, жүргізуші куәліктерін беру бойынша – 6 тұлғаға нақты жауап берілді.

Екі күн бойы жалғасқан акция барысында Call-орталық +7 708 345 65 74 арнайы телефон нөмері жұмыс істеп, азаматтарға жан-жақты кеңес берілді. Республикалық акция барысында өз мәселелеріне қатысты тиімді кеңес пен жауап алған азаматтар уақытты ұтымды пайдаланғандарын айтып алғыстарын білдіруде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Пікір жазу