Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Мынадай сұхбаттан кейін Елбасымызды қалай құрметтемейсің?

Мынадай сұхбаттан кейін Елбасымызды қалай құрметтемейсің?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Хабар» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбаты көп мәселелерге байыпты көзқарас танытып, қоғамымызда қордаланған сауалдарға нақты жауап беру шеберлігімен көптің көңілінен шыққанын байқадық. Редакциямызға келіп түскен бірқатар пікірлердің ішінен әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы, тележурналист Өркен Кенжебектің Елбасы сөздерінің маржанын теріп, қалың оқырманға паш еткенін қош көріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Локация ретінде Ұлытаудың таңдалғаны, бірауыз орысшаны қоспай, жалпақ тілде, қазақы түсінікте, бейресми, ештеңеден қысылмай, ашық әңгіме айтқаны ұнады!

«Отанды қорғау дегенде алдымен әкеңді, балаңды, анаңды қорғау. Соларды қорғау – Отанды қорғау».

«Қазақ ешқашан дінсіз болмаған. Исламды білу, құрметтеу керек. Бірақ Омар, Осман, Әбу Бәкір тұсындағы халифаттарды құрамын деген елестен арылып, имандылыққа тәрбиелеу керек».

«Тіліміз бар десек,тіліміз бар болады. Бақытсызбыз десек, бақытсыз боламыз. Тілімізді батыл қолданайық. Тіліміздің майын тамызып сөйлейік. Қазір 100 мың оқушы бітіріп шықса жылына, 80 мыңы қазақша сайрап тұрады. Тілдің дамуына еш кедергі жоқ».

«Тілді байыту керек. Пианиноны күйсандық деуге, композиторды сазгер деуге қарсымын. Мүлдем келмейтін ұғымдар».

«Мені неге сөзін қазақша бастап, орысша жалғастырып кетеді деп айтады. Бәрін білемін. Бірақ, түсінші – тәуелсіздік алғанда қазақ 40 пайыз болды… Кейін орыс кетті, еврей кетті, әйтеуір 65 пайызға енді жеттік».

«Тек қазақша сөйлейік деп жүргендер не ағылшынша, не орысша білмейтіндер. Егер біз тек қазақша сөйле десек, онда екінші Украина болар едік».

«Үйінде отырып алып, мәселені түсінбей, сөйлей беретін дилетанттар бар. Олар түсінбегенін Үкіметтен сұрап алсын!».

«ЕуразОдақ туралы түсінгісі келмеген адам түсінбейді. Тәуелсіздікке қауіп келсе, кез-келген ұйымнан шығып кетеміз. Бәрі консенсусте. Мен келіспесе, қалған екі президент ештеңе істей алмайды…».

«Менің арманым – Қазақстаның мәңгілік ел болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады».

Өркен Кенжебек

Пікір жазу