Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Облыс әкімі ЭКСПО жөнінде…

Облыс әкімі ЭКСПО жөнінде…

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында және Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері өтіп жатқан кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетті. Осы бір маңызды шара туралы әкіміміздің айтқан бірқатар сөздерін жазып алған жағдайымыз бар. Соларды оқырмандарымызға қуана-қуана ұсынамыз.

  • «Биыл елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға – «Астана ЭКСПО – 2017» ха­лықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін, жа­ңа идеялар мен қызықты жоба­лардың нышаны, индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Ал бүгінгі тауарөндірушілер көрмесінің өткізілуі біз үшін өте маңызды оқиға. Мұнда өзіміздің жетістіктерімізді көрсетіп, көп­­шілікке танымал етуге, тұ­тынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланыс­ты ор­натуға мүмкіндік көп».
  • «Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқан ЭКСПО көрмесіне отандық және шетелдік қонақтардың көптеп келуі бізді қуантады. Өздеріңіз көріп отырғандай ауқымы кең көрмені аралауға бір күн жетпейді. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы соңғы жаңалықтарын ұсынып отырған бұл халықаралық шараны тамашалауды әрбір қазақстандыққа кеңес етер едім. Бұл ұлттық рухымызды көтеріп, келешек ұрпақтың ғылым мен білімге құштар болып өсуіне үлкен серпін берері сөзсіз».
  • «Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрінісі. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты өрелі ойлар ортаға салынып жатыр. Әрбір облысқа қатысқан әдеби ортаның шығармашылық әлеуетін көтеру оларға тың серпін береді. Аймақта түрлі республикалық деңгейдегі мереке, айтулы күндерге орай, сондай-ақ өлкені таныту мақсатында да түрлі кітаптар шығарылып тұрады. Бүгін тұсауы кесілгелі отырған екі кітап соған дәлел».
  • «Өздеріңізге белгілі, әлемде сапалы азық-түлік өніміне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушы сапа мен қауіпсіздікті талап етеді. Бұл тұрғыда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдер секілді жаңа нарық ашылуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Себебі, тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған.  Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі».
  • «Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз».

© Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

 

 

Пікір жазу