Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Астана аспанын сазды әуенге бөледі

ЭКСПО – 2017: Астана аспанын сазды әуенге бөледі

Елорда төрінде «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының Гала-концерті өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында Астана тұрғындары мен қонақтарына Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында өткен шараға Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ы Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жəне ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Астана аспанын сазды әнге бөлеген думанды кешті қала тұрғындары мен көрмені тамашалауға келген шетел қонақтары жалпы саны 5 мыңнан астам жұрт тамашалады.

«Тіршіліктің бастауы – Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясымен бастау алған өнерпаздар кешінде «Қазына», «Шамсинур», «Тұмар», «Шаттық», «Фараб» би ансамбльдері мың бұралған билерімен көрермендерді тамсандырды.

Гала-концерттің соңында «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Басқармасының Төрағасы Ахметжан Смағұлұлының, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының, Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлының атынан ықылас гүлдері ұсынылды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу