Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Жолға шықты

ЭКСПО – 2017: Жолға шықты

1 қыркүйек күні Құрбан айт намазынан кейін Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағынан жолға шығатын «Ұлы дала автокеруені» делегациясын салтанатты шығарып салу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлеген, аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары қатысып, ақжол тіледі.

Мұнан кейін 6 автокөлікке отырған азаматтар Шымкент көшелерімен жүріп отырып, шаһардың негізгі қақпаларының бірі саналатын Бозарық айналма жолы арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автодәлізімен сапарға шықты.

Киелі және тарихи маңызы бар жерлерге аялдап, ұлы тұлғаларға тағзым етуді мақсат тұтқан автокеруен мұнан кейін Ордабасы ауданы Темірлан ауылына аялдады. Онда қара күштің иесі Қажымұқан атындағы мұражайы мен кесенесіне бас сұғып, баба рухына құран бағыштады. Аудан әкімі Р.Қайыпжанов бұл шараның танымдық, тәрбиелік мән-маңызы терең екенін тілге тиек етіп, жолаушыларға сәт сапар тіледі.

«Ұлы дала автокеруені» Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізі арқылы жүріп отырып, 60 шақырымды еңсеріп, тарихи ескерткіш Қызылкөпірге аялдады. Астана төрінде өтіп жатқан ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесіне арнайы бара жатқан қоғамдық делегацияны ауыл азаматтары құшақ жая қарсы алып, сәт-сапар тілеп, қазыналы қариялар ақ батасын берді.

Бұл сапар мұсылман жұртының ұлық мерекесі Құрбан Айтпен тұспа-тұс келгендіктен, құрбандық шалып, ата-баба әруағына құран аяттарын түсірді. Мұнан кейінгі сапар киелі Отырар жеріндегі Арыстан баб кесенесі басында жалғасты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу