Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Астанаға жетті

ЭКСПО – 2017: Астанаға жетті

«Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі мен Елбасының «Туған жер – құтты мекенім!» жобасы аясындағы «Ұлы дала автокеруені» Отырар ауданына да аялдады. Еліміздегі киелі жерлерінің бірі Арыстан баб кесенесі – Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені. Сондықтан, Киелі мекендегі Арыстан баб кесенесіне арнайы барған автокеруен мүшелері кесене жанындағы емдік қасиеті бар құдықтан су ішіп, баба рухына құран бағыштады.

Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесі «Ұлы дала автокеруені» аялдаған келесі орын болды. Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандарына аялдап, киелі шаһарға табан тіреген қоғамдық делегация мүшелері тарихи орынды аралап көріп, ұлыларға тағзым етті. Автокеруеннің алдағы бағыты Қызылорда облысы болды.

ОҚО-дағы бірқатар тарихи орындарға табан тіреп, ата-баба рухына құраш бағыштаған делегация мүшелері 2-қыркүйек күні түнгі сағат 1.00-де Жезқазған қаласына аялады. Жалпы 880 шақырымды басып өткен автокеруен сапары әрмен қарай Қарағанды қаласында жалғасады.

Қыркүйектің 3-күні, яғни жексенбі күні 2000-мыңға жуық шақырым жолды жүріп өткен «Ұлы дала автокеруені» Астанаға келіп жетті.

Бұл күн «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінде 6 күнге жалғасқан Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің жабылуы рәсімі өтіп жатқан-ды. Осылайша елдік шараға үн қосуға арнайы келген делегация мүшелері қазыналы аймақтағы барша тұрғындардың ыстық сәлемін астаналықтарға жеткізді. Ал, халықаралық көрмеде бір аптаға жуық өз өнерлерін паш етіп жатқан Оңтүстік өнерпаздары делегация мүшелерін құшақ жая қарсы алды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу