Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » АТА ЗАҢ – БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН АЙҚЫН ЖОЛ!

АТА ЗАҢ – БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН АЙҚЫН ЖОЛ!

Құрметті Отандастар!

Сіздерді азаттығымыздың айшықты айғағындай болған Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Конституцияның қабылдануы – Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасу жолындағы маңызды шешімдердің бірі. Конституциямыздың алтын жібі аталарымыз ұстанған сара жолдан басталады. Ата-бабаларымыз қолданған дала заңы ежелден-ақ құқықтық саясатымыздың негiзi болғанын ұмытпауға тиiстiмiз. Біздің Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Тектілік пен төреліктің төріне шыққан Керей мен Жәнібек хандар сонау 1465 жылы тіршілік көзі – қос өзен Шу мен Талас алқабында алғаш рет ресми түрде Қазақ хандығын құрып еді. Конституциямызда жазыл­ғандай, өткеннен тәлім ала білген, ел бірлігін тәуелсіздігіміздің басты қағидаларының бірі етіп қадірлеген халқымыз, әуел бастан-ақ тағдыры тамырлас Қазақстан мемлекетіндегі 130-дан астам ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астына жұдырықтай жұмылып, еліміздің баянды бола­шағы үшін талмай еңбек етуде. Аузы дуалы ата-бабаларымыз, Ұлы көш бастауында болған хан­дарымыз бен билеріміз де ұрпа­ғына тек қана бірлікте болған қазақтың бағы жанатынын, баянды ел болатынын, ата-бабалар арманын асқақтататынын айтып кеткен.
Баршаңызға халық қалауымен өмірге келген Конституция күні құт-береке әкелсін, жаңа қоғам орнатып, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына түскен еліміздің еңсесі биіктеп, Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін деген ағеділ тілегімізді жеткізгіміз келеді.

© «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Берік Бекжанов

 

Пікір жазу