Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ БЕДЕЛІ!

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ БЕДЕЛІ!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Бақыт Еркінбек облысымыздың ұстаздарын ҚР Конституция күнімен және 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтады. Елдегі карантин режиміне байланысты қазір білім саласының қызметкерлері онлайн режимде оқытуға мәжбүр болып отыр. Ұстаздарымыз өздеріне артылған үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, ешбір қиындыққа қарамай өздерінің білімі, күш-жігерінің арқасында аянбай еңбек етіп жатқаны белгілі. Өкінішке орай онлайн режимде оқыту үшін біраз ұстаздардың мүмкіндігі болмай отырғаны баршамызға аян. Сол себепті, осы жайды ескере отырып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы және Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан оқушыларға онлайн режимде білім беруіне жағдай жасау мақсатында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған ұстаздарға ноутбуктер табысталды. Жиында Қазығұрт ауданы №11 санаторий тіптес мектеп интернаты директорының орынбасары О.Салыбеков және №95 жалпы орта мектебінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Құрманбекова сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымына өз ризашылықтарын білдірді. Ұстаздардың мұң-мұқтажын ескеріп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кәсіподақ ұйымы алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Ұстаз мәртебесінің артқаны – бұл кәсіподақ мәртебесінің де жоғары екенін көрсетері сөзсіз.

© Didarbek.kz

Пікір жазу