Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-дәстүрі бар. Тарихқа көз жүгіртсек, ханды да сайлаған, болысты да сайлаған қазақпыз. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаетың бастамасымен іске қосылған Праймериз – ел сенімін ақтап, жаңа көшбасшыларды іріктейтін партияішілік сайлау. Мен Берік Айдарбекұлы Бекжанов – «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы осы мүмкіндікті пайдаланып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаты лауазымына өз кандидатурамды ұсындым. Елдің үнімен бірге болып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, қоғамның түйіткілді мәселелерін бірлесіп шешуді мақсат тұттым. Бәріміздің ортақ мақсатымыз:
• Тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанның қабырғасын қалау;
• Ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік;
• Халықтың өскелең әл-ауқаты.
Бүгінгі жағдайда халықтың әлеуметтік ахуалын төмендетпей, ел экономикасының деңгейін қалыпты ұстап тұру өте маңызды.
Дана халқымыз «Халықтың сенімі – жетістіктің кілті» деген. Сіздердің сенім білдіруіңіз жауапкершілігімді арттырып, өз мүмкіндіктерім мен қабілеттерімді ашуға ықпал етеді. Елім қуатты болса, бағым да тұрақты болады!
#МағанДауысбер

© Берік Бекжанов

Пікір жазу