Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАНДАЙ?

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАНДАЙ?

На изображении может находиться: небо, обувь, дерево и на улице

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу жөнінде сұхбат берді.

Сәлеметсізбе, Бекжан Мухидинулы! Алда күз және қыс айлары келе жатыр. Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа райы еліміздің басқа өңірлерімен салыстыралы түрде суық болмағанымен, тұрғындардың электр энергиясынсыз қалу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Тұрғындардың күзгі – қысқы уақытта жылу мен электр энергия үздіксіз болуы үшін Сіздің басқарып отырған Департамент тарапынан қандай жұмыстар атқарылады немесе атқарылып жатыр?

Сәлеметсізбе! Облысымыздағы энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы жөнінен әзірлік паспортын алуға Департаментке өтініш жазады. Әзірлік паспортын түсіндіріп кететін болсақ, бұл энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат. Жыл сайын 1 тамыздан бастап әзірлік актісін алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссиясы құрылып, жұмыс істей бастайды. Комиссия құрамында Департаменттің және жергілікті атқару органның өкілдері міндетті түрде болады.

Әзірлік паспортын айтып қалдыңыз. Әзірлік паспортын Түркістан облысындағы барлық энергетикалық ұйымдар алу мідетті мен?

Жоқ, жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары береді. Орталық аппарат және Департамент тарапынан тек энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға беріледі.

Әзірлік паспортын алуға құжаттарды тапсыру туралы толығырақ айтып кетсеңіз. Әзірлік паспортын алу уақыты немесе құжат тапсыру үшін міндетті түрде сіздің Департаментке келі керекпе?

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жергілікті атқару органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері яғни біздің Департамент арқылы жүргізіледі. Бірақ міндетті түрде келіп тапсыру деген жоқ, www.egov.kz, www.elіcense.kz е-лицензиялау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырсада болады. Құжат тапсыру жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.

 30 қыркүйектен кейін келген құжаттар қараладыма?

Өкінішке орай, 30 қыркүйектен кейін келіп түскен құжаттар құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады. Бұл, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібінде бекітілген шекті мерзім.

Бекжан Мухидинұлы, сұхбатыңызға рахмет!

© Didarbek.kz

Пікір жазу