Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН БАҚЫТТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕКЕНІ ЕТКІМ КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН БАҚЫТТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕКЕНІ ЕТКІМ КЕЛЕДІ

На изображении может находиться: Жасмин Ашимова, текст «PRIMARIES TpиnapTийHble Bbl6opbl 2020 NUR OTAN 09»

Армысыздар ұлты ұлы, рухы биік, өнегелі Қазақ елі!
Ашимова Жасмин Асқарқызы — Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті;
— Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты;
— Республикалық «Жастар кадрлық резервінің» резервисті;
— Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
«Ізгілік елшіcі» Республикалық жобасының Шымкент қалалық филиалының төрайымы;
— «Compass» әлеуметтік білім беру орталығының директорымын.

Мен шуақты қаламыз Шымкентте М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжін және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша оқып аяқтадым. Кәзіргі таңда осы оқу орнында магистратурада білім алудамын. Сот саласында 3-жыл көлемінде жұмыс жасадым. Өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін. Орта-арнаулы оқу орнына оқуға түскелі бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан қоғамдық жұмыстарға, әсіресе, еріктілікпен 6-жыл көлемінде айналысып халықтың мұң-мұқтажын ұғынып, өз мүмкіндігім аясында көмек көрсетуге ықпал етіп, еріктілік пен жастардың белсенділігін дамытуға қоғамдық өмірге белсене араласып келемін. Жастар мәслихатының депутаттығына сайланып та біраз тәжірибе жинадым. Осы тәжірибемді шыңдап, елімнің мұң-мұқтажын жеңілдетіп, Шымкент қаласын бақытты жандардың мекені етемін деген арманымның жетегінде праймеризге қатысуға шешім қабылдадым!
Шымкент қаласында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы білемін.
Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Шымкент қаласында мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыс жасайтын боламын:

Менің сайлауалды бағдарламаларым:

1.Жастар мәселелері бойынша бағдарлама:
-Ерікті жастардың жұмыс жасау жүйесін реттеу, ерікті жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, мәртебесін арттырамын;
— Жастардың өзі қалаған мамандықты таңдау бағытын қадағалаймын;
— Әлеуметтік жағдайы төмен талапкерлердің орта-арнаулы немесе кәсіптік жоғары білім алуына тиімді бағдарлама жүйесін орнатамын;
— Жергілікті жас мамандарды тұрақты түрде өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамту, » Менің таңдауым» бағдарламалық жүйесін орнатамын;
— Жастардың, оның ішінде жұмыссыз жастардың қатарынан «Жастар құрылыс отрядтарын» құруға және оларды қаладағы құрылыс нысандарына жұмысқа жіберілуіне атсалысамын;
— Студент жастардың білім алу жүйесінде туындайтын мәселелерін шешу барысына ықпал етемін;
— » Қолжетімді баспана- 2020″ бағдарламасы бойынша жас жанұялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету бағытына ықпал етемін;
-Білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі бағдарламадар орнатамын;
-Жас отбасылардың ажырасу деңгейін төмендету барысында «Татуластыру орталығы» бағдарламалар мен психологиялық орталықтар ашамын.

2. Әлеуметтік бағыттағы бағдарлама:
Қала тұрғындарының қолайлы өмір сүру деңгейінің төменднуіне әсер ететін мәселелерді шешу жүйесін қолға аламын.
— Халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыс жасау сапасы мен халыққа ыңғайлылығын арттырамын.
— Халыққа электронды қызмет алу процестерін оңтайландыру. Мысалы, egov.kz порталын көп адам пайдалана алмайды. Процедуралары қиын. Соған альтернатива ретінде пайдаланылуы оңай (ИИН арқылы) порталдың іске асырылуына жұмыс жүргіземін;
— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына халықтық бақылауды күшейтуді қолға аламын; Яғни, жол, ауыз су, жарық, газ тарту, салу жұмыстары кезінде халықтық бақылауды дамытуы.
— Тұрғындардың жұмыспен қамтылу жүйесінің жаңа бағдарламасын орнатамын.
— Медицина қызметінің халыққа қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында мардымды жобалар әзірлеймін;

3. Экономика және кәсіпкерлік салаларын дамыту бағыты:
— «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру және насихаттауға ат салысамын;
— Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, аз қамтылған отбасыларға және «Бастау бизнес» жобасын аяқтап сертификат алған азаматтарға берілетін мемлекеттік гранттың көлемін арттыруға жұмыс істеймін;
— шағын және орта бизнесті қолдау, іске асырылып отырған заңнама аясында кәсіпкерлердің мүддесін үнемі қолдауға ықпал етемін.

4. Құқық қорғау бағытындағы бағдарлама:
— Сыбайлас жемқорлық және қызметтік құқық бұзушылықпен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысқа орналасу барысындағы пара мәселесін болдырмау бағытында ерен жұмыстар атқарамын;
-Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытын дамытуға арналған тиімді жобаларды жүзеге асырамын;
— Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына партиялық бақылау жүргіземін.
— Жұмысшы азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға арналған ережелік жүйені орнатамын.

5. Тіл мәртебесі мен ұлтаралық қатынастар, туризм және мәдениет бойынша:
— Қазақ тілінің мәртебесін арттыру бағытында нәтижелі, жоспарлы жұмыс атқарамын;
— Өзге ұлт өкілдерімен достастық қарым-қатынастарын орнату мақсатындағы танымдық іс-шараларды арттырамын.
-Қаламыздың туризм саласын дамыту аясында ішкі туризмді дамыту аясында жұмыс жасаймын;
-Қаламыздың мәдениеті мен Ұлттық өнерін дәріптеу шараларын арттырамын!

Құрметті қала тұрғындары мен сіздерді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамыту барысында көш бастап жүрген«Nur Otan» партиясына, осы саяси партия ұсынған кандидаттарымызға және бағдарламаларымның бір тармағы болсын ұнаса маған дауыс беруге шақырамын!
Соңына дейін оқығандарыңыз үшін алғыс білдіремін! Сеніп дауыс берсеңіздер үміттеріңізді ақтаймын!

© Ашимова Жасмин Асқарқызы 
Шымкент қалалық мәслихатының депутатығына үміткер!

Пікір жазу