Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРҒА САЙ МА?

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРҒА САЙ МА?

Шымкент қаласының аумағында карантиндік шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау – басты талап.

Осы мақсатта Әл-Фараби ауданы бойынша құрылған мобильді топ аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте, кәсіпкерлік нысандар санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтап, келушілердің бетперде киюіне назар аударып, антисептикалық құралдармен қамтамасыз ету қажет.

Қалада әлі де бетперде тағу режимі сақталады. Адам көп шоғырланатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да қоғамдық орындарда бетперде кию, ара қашықтықты сақтауды естен шығармау қажет.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу