Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІ

ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында ет және сүт қабылдау бекеттері ашылды. Атап айтқанда, «АгроНұрИнвест» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мал бордақылау мен сою бекеттерін іске қосып, жұмысты жаңа бағытта іске асыруға кірісті.

Аталған пункт 40 мыңнан аса халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан. Субсидияландыру бойынша мемлекеттен қолдау алған бұл жобаның құны 9 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылдың 22 ақпанында құрылған қооперативте бүгінде 130 мүше бар. Қазіргі таңда бордақылаудағы мал басы 6130 басқа жеткен. Әрбір жеке шаруаның орта есеппен бір айлық табысы 170 мың теңгеге пара-пар.

Бұдан бөлек, дәл осы ауылдан «Қарабұлақ сүт» ауыл шаруашылығы кооперативі жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын 4 сүт қабылдау бекетін іске қосып отыр. Кооператив бүгінде сиыр басын 800-ге жеткізіпті. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» қаржы алған кооперативтегі әрбір жанұяның орташа бір айлық табысы 178,5 мың теңгені құрайды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу