Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚАЖЕТ

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында елді мекеннен қызметтік тұрғын салу туралы айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды

Өңір басшысы тұрғын үй салу арқылы аудан әкімдерінің индикаторлық көрсеткішін бағалайтынында атап өтті.

Жиында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов өңірдегі 15 аудан, қала әкімдіктерінен және салалық басқармалардан 87 мамандық бойынша 14374 орынға сұраныс келіп түскенін мәлім етті.

«Жас мамандардың көптеп ауылдарға оралуы, мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан «Жастар практикасы» мен «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының нәтижесінде ауылдық жерлерде кадр жетіспеушілігі  оң шешімін табуда десек те болады. Алайда шалғай жерлерде орналасқан мектептердегі маман тапшылығы әлі де өткір мәселелердің қатарында.  Мәселен, оқу жүктемесінің аз болуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуіне байланысты педагогтар ауылдарға барғылары келмейді», – деді басқарма басшысы.

Селекторлық жиынның күн тәртібінде қаралған кезекті тақырып — жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері болды. Онда әкім барша мемлекеттік қызметкерлер мен аудан,қала әкімдеріне және басқарма басшыларына әдеп нормаларын сақтауды басшылықтан бастауды тапсырды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу