Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » СЕЛЕКТОРЛЫҚ ЖИЫНДА

СЕЛЕКТОРЛЫҚ ЖИЫНДА

Денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығы мен тұрғын үймен қамту мәселесі айқын. Мәселен, басқарма басшысы Мұқан Егізбаевтың мәліметінше, 2007-2016 жылдар аралығында денсаулық сақтау басқармасы 1085 жас маманды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырса, ауыл әкімшілігі тарапынан 293 жас маман тұрғын үймен қамтылған. Ал дәл қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда жалпы 265 маман, оның ішінде 157 маман ауылды жерге қажет. Сондай-ақ, облыстың бас дәрігері  ауылды жерлерде жұмыс атқарып отырған 180 маман тұрғын үйге мұқтаж екенін айтып, десе де мемлекеттен жас мамандарға біршама қолдау көмек беріліп жатқанын мәлімдеді.

«Жас мамандарға облыстық бюджеттен 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай өтемақылар мен төлемдер төленіп келген. Енді, Сіздің  бастамаңызбен ауылдық жерге жолданатын әр маманға бір реттік 1 миллион  теңге төленеді және 5 жыл ішінде қайтып кеткен жағдайда жас маман бюджетке қайтару керек болады. Мұндай тың жоба еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстанда алғаш болып жүзеге асырылып отыр», – деді М.Егізбаев.

Осы ретте, облыс әкімінің елді мекендерде көп қабатты тұрғын үй салу идеясы жоғарыда айтылған мәселелердің рет-ретімен шешілуіне мұрындық болары сөзсіз.

Өз тілшімізден

Пікір жазу