Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТКЕ 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТКЕ 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы күн тәртібінен түскен емес. Осы жылы  шырайлы шаһар аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеттері отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшетті сенбіліктер аясында егіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабаралйды.

Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, 159 700 дана лигуструм егілген.

Қаладағы мұндай жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» мердігер компаниясы атқаруда.

Одан өзге, орталық 131 көшеге және қаладағы Бадам өзенінің жағалауы, Мәделі көшесі мен Темірлан тас жолы бойындағы гүлзарларда 66,2 гектар газон орындарына, 290 мың данадан аса ағаш көшеттеріне күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу