Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: КАВАСАКИ АУРУЫ БАР БАЛАЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

ШЫМКЕНТ: КАВАСАКИ АУРУЫ БАР БАЛАЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Шымкентте Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Шымкентте екі, алты және жеті жастағы балаларда мультисистемалық қабыну синдромының 3 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта олардың екеуі ауруынан айығып үйіне шығарылды. Бір бала стационарлық ем алуда.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалайды. Балалар мен жасөспірімдерде Covid-19-бен уақытша байланысты көп жүйелі қабыну синдромы кейбір клиникалық белгілерге сәйкес Кавасаки ауруына ұқсас екендігі атап өтілді.

Коронавирустық инфекцияны, оның ішінде асимптоматикалық форманы жұқтырған балалар мен жасөспірімдердегі мультисистемалық қабыну синдромы қызба, ауыр ауру және коронавирустық инфекцияның зертханалық және эпидемиологиялық дәлелдерімен бірге екі немесе одан да көп мүшелер жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

Бұл синдромның негізгі белгілері: қызба, қалтырау, 24 сағат ішінде дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі, тыныс алу органдарының зақымдануы (жөтел), тыныс алу жеткіліксіздігі, терінің зақымдануы (бөртпе), шырышты қабаттар (конъюнктивит, склерит), лимфоаденопатия, қол мен аяқтың ісінуі, асқазан-ішек ауруының көріністері.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен мультидисциплинарлық топ құрылды. Оның құрамына гематолог, кардиолог, ревматолог, пульмонолог, невропатолог және реаниматолог сияқты мамандар кірді. Білікті медицина қызметкерлерінің тобы мультисистемалық қабыну синдромына күдікті балалардың емдеу-диагностикалық процесімен айналысады.

Айта кету керек, аталған диагнозы бар балалар Денсаулық сақтау министрлігінің бас мамандары мен республикалық деңгейдегі сарапшылар тобының, Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кураторларының бақылауында.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу