Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖОБА НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

ЖОБА НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы тікелей эфир барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларына тоқталды.
Т.Серікбаев кәсіпкерлікті жан-жақты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын жүзеге асырып жатқандығын жеткізді.

«Бизнес пен инвестицияларға қатысты кез келген заңсыз іс-әрекет кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданады. Аталған сала Мемлекет Басшысының қатаң бақылауына алынып, Қазақстан халқына Жолдауында да нақтылап белгіленді. Осы ретте Агенттікпен жүзеге асырылып отырған бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру мақсатындағы Жобаға қосылудың жалғыз ғана шарты — мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнесті жүргізу болып табылады» — деді спикер.

Талғар Серікбаевтың айтуынша, бүгінде қалалық Департамент жалпы сомасы 75 млрд. теңгеге 35 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша 12 трлн-нан астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 500-ден астам жобасы сүйемелдеумен қамтылған, оның 20 пайызын шетелдік инвестициялар құрайды (Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Польша, Малайзия және тағы басқа.).

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыздар тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласа аласыздар. Мамандар кеңес беріп, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу