Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Үлкен дайындықпен келдік

Үлкен дайындықпен келдік

Қазақ тілін жаңғыртудың басты көреткіші – ол латын жазуына көшу. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру – біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Елбасы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осындай  шешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың  ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы — қазақ тілін жаңғыртуға жағдай  туғызады. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты көреткіші – ол латын жазуына көшу. Айта кету керек, латын жазуы туралы бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Президентіміз бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында да айтқан болатын. Сонымен қатар, Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді. Бұл қазіргі заманның талабы деп айтуға болады», – деп тоқталды Н.Нығматулин.

Осы орайда Мәжіліс төрағасы латын қарпінің ғылым мен техниканы дамытуда орны ерекше екенін атап өтті.

«Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты бүгін айтылып жатқан пікірлер өте көп. Бірақ та еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ-технологиялардың тілі. Сондықтан біз осы өте жауапты кезеңге үлкен дайындықпен келдік деп айтуға болады. Өйткені көптеген жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің ықпалы күшейтіліп, қазақстандықтардың ағылшын тілін үйренуге де барлық жағдай жасалынды», – деді Нұрлан Нығматулин.

Өз тілшімізден

Пікір жазу