Шымкенттік полиция қызметкерлері қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Қалалық Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары мешіт имамдарымен бірлесе көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады, деп жазады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қара мал етін 10 жанұяға үлестірген қайырымды жандардың қамқорлығына тұрғындар өз рахметін жеткізді. «Осындай қиын-қыстау сәтте көмек көрсеткен құқық қорғау саласы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жақсылықтары Алладан қайтсын!», – дейді Еңбекші ауданы Чапаев елдімекенінің тұрғындары.
Жақсылыққа жаны құмар сала өкілдері «қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпай, бірліктің үлгісін көрсету» — дейді.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, өз көмектерін көрсетуді дәстүрге айналдырған.
Көмек алған отбасылар полцейлерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.
© DIDARBEK.kz