Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 2658 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

2658 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қыркүйек аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармалары мен Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару түріне көшіріліп, нарядтар қала аумағында орналасқан автовокзал мен автобекеттердің жанына жақындатылды.

Яғни қаланың кіре беріс автожолдарында «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 704-ші шақырымында /«Ақжар»/, «Шымкент-Самара» тас жолының 11-ші шақырымында /«Темірші әулие»/ және «Бозарық» айналма бұрылысында патрульдік полиция бекеттері мен жылжымалы нарядтар қойылып, жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы бойынша көлік прокуратурасының қызметкерлері және басқа да қоғамдық өкілдерінің қатысуымен бірлескен топтар жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, жол ережесін қасақана өрескел түрде және жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін құқықбұзушылықтарды: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, техникалық байқаудан өтпеу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, авариялық жағдай туындату, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу, автокөліктерді мас күйде басқару, қозғалыстың қарсы жолағына шығу, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесін өту жағдайларымен байланысты жасалған жайттарын анықтауға бағытталған жұмыстар іске асырылды.

Оның ішінде :
— ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабы (жүргізушілердің еңбек және демалу режимін бұзуы) – 5;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқару) – 8;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (заңсыз қайта жабдықтау) – 11;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы міндетті тех. және медициналық байқаудан өтпеу) – 4;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеу) – 35;
— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 168;
— ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (қауіпсіздік белдігін пайдалану) – 393;
— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр ережесін бұзу) – 61;
— ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы (қозғалыстың қарсы жолағына шығу) – 9;
— ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кету) – 29;
— ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 23;
— ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы (авариялық жағдай туындату) – 6;
— ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы (теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу) – 10;
— ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (көлік құралын мас күйде басқару) – 8;
— ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – 59;
— ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (жаяу жүргінші) – 108;
— Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны – 47.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу