Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СУДАН ТӨНЕР ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

СУДАН ТӨНЕР ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Шымкентте шомылу маусымы басталғалы үш адам суға кетіп ажал құшқан. Қайғылы оқиға шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарда орын алған. Мұндай жағдайдың жалғасуына жол бермеу мақсатында төтеншеліктер түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Қала тұрғындарына  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан төтеншеліктер шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Осы орайда, ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмаса дейді. Суға түсіп салқындағысы келетіндер, белгіленген аймақтарға ғана барған жөн. Өйткені, тиым салынған жерлерде қауіп басым болып келеді.

Спирттік ішімдік ішіп суға сүңгудің салдары көбінде қайғымен аяқталып жататындығы да жасырын емес. Биылғы тіркелген бақытсыз оқиғаның бірі ащы суды асыра сілтеген азаматтың өлімімен аяқталған.

Жақын күндері жаз маусымы аяқталып, жылыту маусымына қарай аяқ басамыз. Қай маусым болса да қарапайым ереженің өзі қаншама адамды ажалдан арашалап қалады. Сондықтан да қауіпсіздік шараларын барынша қатаң сақтаған жөн.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу