Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ОТБАСЫ – ОРТАЙМАС БАЙЛЫҒЫМ

ОТБАСЫ – ОРТАЙМАС БАЙЛЫҒЫМ

№16 кітапхана бөлімшесінде Отбасы күніне орай «Отбасы ортаймас байлығым» атты тақырыпта инстаграм желісінде тікелей эфирге шығып,Отбасы құндылықтары туралы оқырмандарға мәлімет берді.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Тікелей эфиримізге кітапханамыздың тұрақты оқырманы  ақын Бөлешов Жұрынтай   отбасының құндылықтарымен,оқырмандарға тәрие берерлік көптеген мәліметімен бөлісіп,отбасына арналған өлеңдерін оқыды.

Сонымен қатар кітапхананың жас оқырманы Сәкенқызы Гүлназ Отбасы туралы жыр өлеңін тарту етті.

«Отбасы- бақыт мекені» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мустафинның «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай деп қортындылады.

№16 кітапхана бөлімшесінің

кітапханашысы Кенжебек Нурила, Шымкент.

 

Пікір жазу