Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Еркебұлан Сейітжаппаров қызмет көрсету барысында мүгедектер арбасын итеріп келе жатқан ананы аңғарады. Діттеген жеріне бару үшін автобус аялдамасына бара жатқанын айтқан анаға тәртіп сақшысы такси тоқтатып, арбадағы баланы көтеріп автокөлікке жайғастырады.
Жүргізушіге мекенжайды түсіндіріп, жолақысын төлеп жіберген тәртіп сақшысына қарт ана шексіз алғысын белдірген. Бұл көрініске куә болған айналадағы қала тұрғындары да полицейдің мейірімді әрекетіне бәрекелді деп ризашылықтарын білдірген.
«Өзім көп балалы отбасыдан шыққанмын. Қарт ананың мүгедек арбасындағы баласын итеріп келе жатқан көрінісі мені ерекше әсерлендірді. Жылдам қасына барып, қандай көмек қажет екенін сұрадым. Менің орнымда кез-келген азаматта дәл осылай жәрдем беретін еді деп ойлаймын»- дейді Еркебұлан Сейітжаппаров.
Айта кетейік Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция лейтенанты Еркебұлан Сейітжаппаров 2016 жылдан бастап ішкі істер саласында еңбек етіп келеді. Оны әріптестері осыған дейін де қызмет ету барысында жақсы жетістіктерімен көзге түскенін айтып, білікті полиция қызметкері ретінде мақтан тұтады.
@DIDARBEK.KZ