Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасының Парламентіндегі «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» өткен тыңдауына арналған жиын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде болып өтті.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов: «Әлемдік өркениет жетегіне ілесу үшін, Ұлы дала Елінің салт-дәстүрін, мәдени бай мұрасын өзгелерге кеңінен насихаттау үшін бізге латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі өзекті мәселе, оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындап берген», – деп өз пікірін білдірді.

Елбасының сындарлы саясаты, латын әліпбиіне көшу мәселесі қорық-музей қызметкерлері тарапынан бір ауыздан қолдауға ие болды.

«Парламент қабырғасында ұсынылған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы әлі қоғамда сан мәрте талқыланады. Нақты нұсқа әзірге бекітілген жоқ, дегенмен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ел болып баршамызға ортақ іске атсалысу – ортақ парызымыз», – деп сөзін қорытындылады Нұрболат Ахметжанов.

Өз тілшімізден

Пікір жазу