Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОҢТҮСТІГІМ – ӨЛЕҢІМ! СЕНІ ЖЫРЛАП КЕЛЕМІН!..

ОҢТҮСТІГІМ – ӨЛЕҢІМ! СЕНІ ЖЫРЛАП КЕЛЕМІН!..

қ-07Алғаш сонау 1988 жылы дақпырты ауданымызға жетіп келген бұл кісінің есімі Бөген ауданы тарап, Арыс қаласына қосылатын болған тұста жеткен болатын. Жаңадан құрылған Арыс ауданының тұңғыш басшысы – сол кездегі Қазақстан Компартиясы Арыс қалалық комитетінің бірінші хатшысы 
 
ҚУАНЫШ АЙТАХАНОВ
 
десе, бүкіл ел ішкен асын жерге қоятын еді. Ерекше харизмасы бар басшының ауыл тұрғындарының назарын бірден өзіне аударатын ерекше қасиеті болатын. Іскерлігі басым бірінші хатшыны ел бірден-ақ ерекше құрмет тұтатын болды. Өйткені, ол кісі бұқара халықпен бір сәт те байланысын үзген адам емес.
 қ-06
Бірде Арыс қаласының автовокзалы маңындағы кітап дүкеніне кіргенім бар. Бұл «ит егесін таппай кеткен» сонау тоқсаныншы жылдардың басында, адам баласы кітап іздемек түгілі, өз басымен қайғы болып кеткен тұсы еді. Кітап сөрелерін қарап шығып тұрғанымда, бір таныс дауыс кітап сатушыларынан: «Сендерде қазақша кітап қоры қандай? Мұхтар мен Абайдың кітаптары бар ма? Мұхтар Шахановтың жыр жинақтарын таба аламыз ба? Жалпы кітап қоры жиі жаңартылып тұра ма?» – деп сұрап тұрғанын естім. Жалт қарасам, Арыс қаласының әкімі Қуаныш Айтаханов екен. Сатушы қыздардың жауаптарынан соң, аудан басшысы дүкеннен шығып кетті. Әлгі қыздар: «Бұл кім? Кітапқа қатты қызығады екен», – десіп жатты. Таңдауымды жасап болған соң, сатушыларға қарай бет алдым да: «Бұл кісіні танымайсыңдар ма?» – деп сұрадым. «Жоқ!» – деді қыздар. «Бұл – аудандарыңның басшысы Қуаныш Айтаханов қой», – дедім. Аң-таң болған қыздар сол күйі дүкенде ауыздары ашылып қалып кетті.
Қ.А.Айтахановтың бұқара халыққа ұнайтын осындай көптеген қасиеті бар болатын. Ол жұмыс орнына міндетті түрде жаяу келетін. Оны өз басым талай көргенмін. Жұмыстан соң үйіне де жаяулатып қайтатын. Сондай күндердің бірінде әлгі кітап дүкеніне кіріп кеткені еді. Аудан тұрғындарымен жиі кездесетін. Кездескенде де, ол жиынға міндетті түрде мекеме басшыларын қатыстырып, ел көзінше әрқайсысын бір тұрғызып қойып, халықтың наздарына орай, сұрауға алатын. Арысты басқара жүріп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазір ойлап қарасам, Қуаныш Айтаханұлы сол кезде небәрі қырық жаста екен.
Арыстан соң, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, Созақ, Сайрам, Отырар аудандарына басшылық етті. Созақтағы ерен еңбегі теріскейліктердің естерінен еш кетпейтін шығар. Сол кездегі қақаған қыстың өзінде бар беделін араға салып, аудан малын аман алып қалу жолында республиканың түкпір-түкпірінен жем-шөп алдырып, малды да, елді де қырылудан, аштықтан құтқарып қалғаны бар.
2005 жылдан бері Қуаныш Айтаханов – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
 
Әсет Әссанди

Пікір жазу