Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың тікелей қолдауымен құрылған «iKomek» орталығына 12 қараша күні Қаратау ауданының тұрғындарынан У.Мухаммад көшесінің бойын жауған жауын-шашын салдарынан үйдің аулаларына жаңбыр суы жиналып жатыр деген хабар түскен. Ситуация орталығының қызметкерлері мән-жайды бірден Қаратау Ауданы әкімдігіне хабарлаған. Нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов бастамасымен оқиға орнына 6 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 мп жіберілді. Мәселе түбегейлі оң шешімін тапқан соң аудан тұрғындары iKOMEK байланыс орталығы мен аудан әкімдігінің қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.
iKOMEK байланыс орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетуде.
iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығының бағыты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды, коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіруге бағытталған.
1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне тегін қоңырау шалу
2. What’s App: 8 777 7109 109
3. Instagram: @ikomek109.shymkent
4. Facebook: IKomek Shymkent парақшасы хабарласа аласыздар!
Құрметті қала тұрғындары!
Туындаған мәселелер болса, хабарласыңыздар.
© Didarbek.kz