2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша Шымкент қаласындағы 902 300 тұрғынның 643 500-і ересек азаматтар. Оның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың саны 581 042 адам (90,3), орыс тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 528 960 (82,2) ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар саны 211 100 адам (23,4).
Орталық қаладағы барлық мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен, коммерциялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Қызметімізден жұртшылықты кеңінен хабардар ету мақсатында қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз оқуға шақыруды насихаттайтын бейнеролик әзірлеп, оны жергілікті телеарналар эфирінен жүйелі түрде көрсетіп келеміз. Одан бөлек, қаланың орталық көшелеріне арнайы билбордтар іліп, халықты заманауи технологиялардың көмегімен құлақтандыруды жолға қойдық.
Нәтиже ойдағыдай десем болады. Тіл үйренушілердің саны жылдан жылға артып отырғаны осыны дәлелдейді.
Мәселен 1997 жылы 445 тіл үйренуші қазақ тілін оқып шықса, 2017 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген ересек азаматтарды 1785-ке жеткізу жоспарланып, 20 жылдың ішінде 20357-ге жетіп отыр. Этностар бойынша айтатын болсақ, 1997 жылдан бері оқыған 20357 тіл үйренушінің 10814-і қазақ болса, 3261-і орыс, 1711-і өзбек, 4571-і өзге де этностарды құрайды.
Осы жылдар ішінде 16799 ересек азамат қазақ тілін оқыса, 1443 адам орыс тілінен дәріс алды, ал 2115 адам ағылшын тілін оқып үйренуді мақсат тұтты. Оның 6112-сі мемлекеттік қызметші болса, 14245 адам бюджеттік сала қызметкері мен жеке азаматтар санатында.
2005 жылғы мәліметтерге сүйенсек, осыдан он бір жыл бұрын жергілікті басқармалардағы шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 71%-ды, аумақтық мекемелерде 49%-ды, Шымкент қаласы әкімдігінде 73%*ды құраған болатын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде құжат айналымы 100% құрап отыр. Бұл көрсеткішке жетуде орталықтың қосқан зор үлесі мен қажырлы еңбегі бар.
ЖҰМАНОВА НҰРИЛА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,
Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры