Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА ӨНІМІ КӨЛЕМІ АРТУДА

МАҚТААРАЛДА ӨНІМІ КӨЛЕМІ АРТУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 47,8 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 35,9 миллиард, мал шаруашылығы 11,9 миллиард, ауыл шаруашылығы қызметі 162,1 миллион теңгені құрады.
Ауданның негізгі күн көрісі — егін шаруашылығы. Өткен жылы диқандарымыз 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 38,2 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 96,1 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 25 центнерді құрады.
Жалпы мақтаны машиналық әдіспен теру 66%-ға жеткен. Қалған 34%-ы жұмысшылардың күшімен жиналған. Өткен жылы АҚШ-тан ауданымызға қосымша 23 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынған. Жалпы мақта терім науқанына 514 доңғалақты трактор, 1206 тіркеме және 151 комбайн қатысқан.
Мақтааралдықтар 304,1 мың тонна бақша өнімдерін өндіріп, оның 80%-ын эскпортқа шығарған. Маусым кезінде күн сайын 300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартты. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары 46,4 мың тонна көкөніс, 11,7 мың тонна күрішпен қатар, басқа да түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірді.
2020 жылы жылыжайлардың көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, 250,9 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендірілді. Жыл қорытындысы бойынша 102 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынған. Сонымен қатар, өткен жылы 35 бірлік мал бордақылау алаңдары, 8 шағын жанұялық сүт аулалары ашылған. Жылдың қорытындысымен аталған бағыттар бойынша мемлекет тарапынан берілген барлық тапсырмалар артығымен орындалған.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу