Өз кәсібіңізді бастау үшін идея болуы ғана жеткіліксіз. Қаржылай қолдауға ие болуыңыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан өңірінде қалай жүзеге асырылуда?
Түркістан облысы бойынша несиелер Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк банктері арқылы ұсынылуда, небәрі соңғы бір айдың ішінде 200 ден астам несие мақұлданып, 62 кәсіпкер қаржыландырылды.
Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлер үшін қолжетімділігін арттыру, өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып табылады. Есепті жылда «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлер 50,7 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-дық несиемен қамтамасыз етілді. Өткен жылы өршіген эпидемиялық ахуалға қарамастан Түркістан кәсіпкерлері белсенділік танытып, несиелердің көлемі 1,3 есе артты.
Облыс аумағында 140 605 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Соңғы 2,5 жылда саны олардың саны 14 мыңға өскен. Бұл салада 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Пандемияға қарамастан шағын және орта кәсіпкерліктің өнім көлемі 16%-ға артып (өсім бойынша Республикада 2 орын), 554,4 млрд. теңгеге (9 ай) жетті. 2021 жылда 1 трлн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
@DIDARBEK.KZ