Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Мирас Қарғабай БҰҰ-ң Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған зерттеу қорытындыларын жеткізді. Бұл ретте, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықта делдалдардың үлесі 6% — ға өскенін және бұл карантин уақытында түсіндіру жұмыстарының ақсағанымен байланысты екендігін, сондай-ақ жергілікті тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесуге дайын емес өңірлердің бар екенін атап өтті.
Мәлімдеуінше, Түркістан облысында жемқорлыққа тап болғандардың үлесі жалпықазақстандық деңгейден төмен, яғни – 7,5% құрап отыр. Азаматтар тарапынан мәселені бейресми жолмен шешуге келісім беру 5% — ға азайған.
Делдал ретінде көбінесе таныстар (42,0%) және «көмекшілер» (21,5%) келеді екен.
Бұдан бөлек, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді сапалы, жедел және кедергісіз алуын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні облысқа қарасты барлық қала, аудандардағы әкімдіктер толықтай «Сервистік әкімдік» үлгісіне көшкендігі мәлімделді.
Комиссия отырысында Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарының әкімдері мен қоғамдық денсаулық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық Департаментімен бірлесе нақты шаралар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
Жиын соңында өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу